«ШЕРТЕР»Фольклорлық-этнографиялық ансамбль 1999 жылы фольклорлық-этнографиялық ансамбль «Шертер» ұйымдастырылды. Ансамбльдің алғашқы жетекшісі аға оқытушы Мұхатаева Ж.А. болды, ол ұжымның орындалу бағытын анықтады: қазақ халқының және кәсіби музыканы әйгілеу, бұрынғы қазақ халқының аспаптарының дыбысталуын жандандыру. 2004 жылдан ансамбль жетекшісі Ж.Кабдулбариев болды, ол ансамбльге ежелгі қазақ музыкалық аспаптарын енгізді: сазсырнай, адырна, сыбызғы, сақпан, қыл қобыз, шаңқобыз, дабыл, дауылпаз, асатаяқ, тұяқтас. Ансамбльге жетіген аспабын енгізгеннен кейін жаңа дыбыс пайда болып, дыбысталуға жаңа әуен берді. Бұл аспапта жеке орындауға арналған жаңа пьесалар таңдалып алынды. Шығармашылық ұжымда ұлы сазгерлердің күйлері –Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сүгір, сонымен қатар, танымал, сүйікті халық әндерін Ж.Мұхатаева мен Ж.Кабдулбариев өңдеп, ансамбльге ұсынады. 2010 жылы ансамбль жетекшісі сазды-педагогикалық факультеттің түлегі А.Кереева болды. 2011 жылы ансамбль жетекшілігін Ж.Кабдулбариев қайта алды. Ансамбльге «Музыкалық білім» мамандығында оқитын, әр түрлі ұлтты, барлық курстардың студенттері қатысып, қазақ халқының ұлттық аспаптарында кәсіби деңгейде ойнауға дағдыланады. Жыл сайын ансамбль репертуары жаңарып, украин, орыс халық әндеріне, таяу және алыс шетел сазгерлердің шығармашылығына пьесалар пайда болады. «Шертер» ансамблі Жастар форумына, қала және университет концерттеріне, облыстық және қалалық байқаулар мен фестивальдарға қатысады. 2008 жылы «Атамұра» қазақ мәдениетінің облыстық фестивалінің лауреаты болды.

Теги других блогов: фольклор этнография Шертер