Фариза Оңғарсынова - Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, өлеңдерінде азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығына тән басты қасиет - шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.